Құрметті әріптестер!

Сіздерді және шәкірттеріңізді «Өз бақшаңды өсір» конкурсына қатысуға шақырамыз.


  • • Табиғатты аялау неліктен маңызды және оған қалай қамқорлық таныту керектігі туралы идея ойлап тауып, плакат дайындаңыздар.
  • • Көрермендер дауыс беруі үшін жұмысты біздің сайтқа жүктеңіздер.
  • • Керемет сыйлықтар мен КӨШЕТТЕР ЖИНАҒЫН ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыздар! Бұл көшеттерді оқушылармен бірге мектеп ауласына отырғыза аласыздар.

Қалай қатысуға болады?

  1. Конкурсқа тіркелу.
  2. Балалармен бірге плакат дайындау (плакатты ресімдеу ережелерін Ережелерден қараңыз.)
  3. Плакатты сайтқа жүктеу. Әр сынып тек 1 плакат дайындап, жүктей алады! Плакатты жүктеу мерзімі: 16.03.2026 – 29.04.2026 жж.
  4. Жүктелген жұмыстарға 16.03.2026 – 29.04.2026 жж. аралығында лайк басуға болады. Сайтта авторизациядан өткен кез келген пайдаланушы лайк баса алады. Әр жұмыс үшін тек 1 лайк басуға болады. Әр пайдаланушы 3 жұмысқа дауыс бере алады.
  5. Плакат орналастырған қатысушылардың бәрі Жеке кабинетінен Конкурсқа қатысушы сертификатын жүктей алады.
  6. 29.04.2026 ж. кейін қорытынды жасалады. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен және көшеттер жинағымен марапатталады. Лауреаттар дипломдар мен кәдесыйлар алады.

Толық ережелермен танысу –[2026 жылғы конкурс туралы ережелер]